+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

2021 жылғы 20 қыркүйек 08:57
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Орындықта ұйықтауға мәжбүр: Елорданың балалар ауруханасындағы жағдайға түсінік берілді Психикалық ауытқуы бар: Таразда ер адам ойнап жүрген баланы соққыға жықты Павлодар облысында жоғалған ағайындылардың тағы бірінің денесі табылды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 18 қыркүйек күні Бәйтерек ауданы аумағында болды.

Сағат 09.00-де Орал-Кирсанов жолы бойында Трекин ауылы тұсында 1991 жылғы ер адам айдап келе жатқан «Опель» мен «Лада Приора» автокөлігі (1994 жылғы жүргізуші) қақтығысқан.

Соның салдарынан екі жүргізуші де ауруханаға жатқызылды.

Кейін «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында бірнеше сараптама тағайындалды. Оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлерінің жол апатына ұшыраған үш әйелге қолұшын бергенін жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT