ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Батыс Қазақстанда жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

2022 жылғы 5 қазан, 18:31
Батыс Қазақстанда жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 5 қазан күні Жаңақала ауданы орталығы Жаңақала ауылынан 4 шақырым жерде болды.

«Сағат 01.30-да Чапаев-Жаңақала жолының 124-шақырымында Жаңақала ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, 1985 жылғы полиция майоры өзінің «Шевроле Кобальт» автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылып қалған. Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында кайтыс болды. Дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді», деп хабарлады ведомстводан.

Марқұм автокөлікте жалғыз өзі болған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда сабақ үстінде 10-сынып оқушысы көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Шамалған станциясында жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar