Батыс Қазақстанда жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 23 маусым күні Орал-Атырау жолының 45-шақырымында болды.

Сағат 04.00-де 23 жастағы өзбекстандық азамат «DAEWOO NEXIA» автокөлігін айдап келе жатып, «ВАЗ-2110» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысуға жол берген.

«Соның салдарынан «ВАЗ-2110« автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Оның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Түрлі жарақат алған 44 жастағы жолаушысы облыстық көпбейінді аурухананың травматология бөлімшесіне жатқызылды.

Осы аурухананың жансақтау бөлімшесіне түскен өзбекстандық жүргізуші 27 маусым күні көз жұмды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан екі сәбидің зардап шеккенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар