Батыс Қазақстанда жол апатынан екі адам қаза тапты
2022 жылғы 10 тамыз 11:52

Батыс Қазақстанда жол апатынан екі адам қаза тапты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бірінші оқиға 8 тамыз күні сағат 2:20-да Шыңғырлау ауданы Ақсу ауылында болды. Достық көшесінде 1993 жылғы жүргізуші «Ауди 80» автокөлігінің руліне ие бола алмай аударылған. Көлікте болған 1997 жылғы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші аудандық орталық аурухананың хирургиялық бөліміне жатқызылды.

Тағы бір оқиға 9 тамыз күні Бөрлі ауданында Подстепный-Федоров-РФ шекарасы жолының 95-шақырымында болды. Шамамен сағат 7:10-да Бөрлі ауылынан шыға берісте, Бөрлі-Ақсай жолының қиылысында 1963 жылғы жүргізуші «Аудимен» жол бермей, 1985 жылғы тұрғын айдап келе жатқан «Тойота Ланд Крузер» автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан 1963 жылғы жүргізуші сол жерде жан тапсырды. «Тойота Ланд Крузер» автокөлігінің жүргізушісі дәрігер қарағаннан кейін үйіне жіберілді.

«Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Екі оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне соқтырған жол жүру ережесін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. БҚО полиция департаменті жол жүру ережесін сақтап, абай болу, қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағу қажеттігін тұрғындар есіне салады», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда кәсіпкерді өлтірген күдіктілердің ұсталғанын жазған болатынбыз.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT