Батыс Қазақстанда жол апатынан бес адам қаза тапты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кеше шамамен сағат 12.30-да Ақжайық ауданы Тайпақ ауылынан 10 шақырым жерде, «Орал-Атырау» автожолы бойында болды.

Жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысқан.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті.

Соның ішінде 1983, 1985 және 1999 жылы туған ер адамдар, сондай-ақ 1971 және 1976 жылғы әйел адамдар алған жарақаттары салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін мерт болды.

«1968 жылғы ер адам жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Ол Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деді басқармадан.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, оқиға «Орал-Атырау» жолының 296-шақырымында болды. «ЗИЛ» жүк көлігі Тайпақ ауылына қарай бұрыламын дегенде, Атырау жақтан келе жатқан «Ниссан Тиана» автокөлігін өткізбей, соқтығысқан. Соның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен сонда отырған төрт жолаушы көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.





Соңғы жаңалықтар