Батыс Қазақстанда жол апаттарынан 59 адам қаза тапты

None
None
ОРАЛ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы қазанның 29-на дейін 185 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 59 адам көз жұмса, 177-сі түрлі жарақат алды.

БҚО жол полициясы басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, биылғы тоғыз айда 163 жол апатынан 49 адам қаза тауып, 154-і жарақат алған еді. Осы оқиғалардың 102-сі Орал қаласының үлесіне тиеді. Сондай-ақ Теректі, Бөрлі аудандарында, Ақсай қаласында, Ақжайық пен Тайпақта жол апаттары жиі кездеседі. Мұндай қайғылы оқиғаларға жылдамдықты шектен тыс арттыру, қарсы бетке шығып кету, басқа да жол ережелерін бұзу себеп болып отыр.

Соңғы жаңалықтар