Батыс Қазақстанда жоғалып кеткен балықшы қыстақтан табылды

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен балықшы қыстақтан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға Бәйтерек ауданында Болашақ ауылы маңында болды.

25 ақпан күні сағат 10.00-де балық аулауға кеткен 1963 жылғы ер адам үйіне оралмаған.

Сағат 23.43-тен бастап жедел құтқару жасағы (4 адам, 1 техника) және ТЖ қызметкері Болашақ ауылынан 7 шақырым жердегі тоғаннан балықшыны іздеу жұмыстарын жүргізді.

26 ақпан күні сағат 03.27-де іздеу тобы ер адамды «Борис» шаруа қожалығының қыстағынан тапты. Оның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекті қажетсінбеді.

БҚО ТЖ департаменті ауа райы туралы мәліметтерге үнемі құлақ түріп, күн бұзыларда сапарға шықпау қажеттігін еске салады.

«Жолдың жағдайы туралы «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болады. Құтқарушылар көмегі қажет болса, «112» телефонына хабарласу қажет», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда еріген қар суы жолды шайып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар