Батыс Қазақстанда жоғалған екінші баланың денесі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жоғалған екінші баланың да денесі судан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, екі жасар баланың денесі сағат 15.50-де Қарасудан табылды.

Оның денесін сүңгуірлер тауып, алып шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ағалы-інілі балалардың жоғалып кеткенін және біреуінің денесі табылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар