Батыс Қазақстанда ЖҚТБ-мен күрес айлығы өткізілуде

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қарашаның 10-ы мен желтоқсанның 10 аралығында ЖҚТБ-мен күрес айлығы өткізілуде,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қамидолла Ирменовтің айтуынша, өңірде осыған байланысты оқу орындарында, қала және облыс тұрғындары арасында іс-шаралар өткізілуде.

Батыс Қазақстан облысында АҚТҚ-ны жұқтырғандар саны 308-ге жетсе, ЖҚТБ-ға шалдыққан 13 адамның 10-ы өмірмен қоштасты. Облыста жыл сайын 16-20 адам АҚТҚ-ны жұқтыратын болса, соның дені - жастар. Қазіргі кезде бұл жаһандық дерттің емі табылған жоқ. Сондықтан оның алдын алып қана қорғануға болады.

Соңғы жаңалықтар