Батыс Қазақстанда жел күшейетіні жөнінде ескерту жарияланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 25 мамыр күні өңірдің кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаңды дауыл да соғуы ықтимал. Ал 26 мамыр күні жел солтүстік-шығыстан тұрып, екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Облыс орталығы Орал қаласында да осындай ауа райы орын алмақ.

БҚО ТЖ департаменті осыған байланысты ескерту жариялап, тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында шаралар жасалып жатқанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бір айдай уақыт бұрын, 28 сәуір күні БҚО-да күшті жел 14 ғимараттың шатырын жұлып әкетіп, Оралда екі адамның жарақат алғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар