Батыс Қазақстанда жаз шыққалы 15 адам суға батып көз жұмды

Фото:
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында шомылу маусымында 15 адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оның ішінде 6 бала бар.

Марқұмдардың бесеуі мас күйінде суға түскен, жалпы 13 адам суға түсуге арнап жабдықталмаған жерде шомылған.

Тағы 2 адам шомылуға рұқсат етілген орында батып кетті.

Облыстық ТЖД өңір азаматтарына жабдықталмаған және тыйым салынған жерде шомылу фактілеріне кез болған жағдайда 51-42-22 нөміріне немесе 112 қызметіне хабарлауын өтінеді.

«Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, су айдынында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз» деп ескертеді департамент.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында бес жасар бала суға батып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Оқиға 28 шілде күні Бәйтерек ауданы Жайық ауылында «Saya» демалыс базасында болған.


Соңғы жаңалықтар