Батыс Қазақстанда «Жасыл жапырақ» іс-шарасы аясында 300 мың түп көшет отырғызылмақ

None
None
ОРАЛ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында республикалық "Жасыл жапырақ" іс-шарасы аясында 300 мың түп көшет отырғызу жоспарланды.

Бұл жұмысты БҚО табиғи ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы үйлестіріп отырмақ. Аталмыш басқармадан Дамира Меңдіғалиеваның хабарлауынша, күні бүгін мемлекеттік орман қоры аумағындағы 30 га жерге ағаштар егілді.

Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағы, сондай-ақ облыс аудандарында осындай жұмыстар қолға алынбақшы.

Соңғы жаңалықтар