Батыс Қазақстанда жастар тәжірибесімен 1211 адам қамтылып отыр

None
None
Л. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жастар тәжірибесіне республикалық бюджеттен 128 млн. теңге бағытталса, соның 31,989 миллионы бөлініп, 7,687 миллионы жұмсалған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған сәйкес 1422 адам жастар тәжірибесімен қамтылуы тиіс болса, қазіргі таңда 1211 жас (85,1 пайыз) жолдама алған. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары Баянбек Ғұмаровтың сөзіне қарағанда, биыл жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітіретін түлектердің саны нақтыланып, олардың көпшілігі қалада қалуға ниет білдірген еді. Алайда жағдай қазір басқаша сипат алды. Бағдарлама аудандарда артығымен орындалып жатыр да, қалада жастар тәжірибесіне баратындар табылмай жатыр. Сол себепті қалада игерілмей тұрған қаржы аудандарға қайта бөлінуде.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биыл облысқа сапары кезінде кадрларды қайта оқытудың да маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Шын мәнісінде дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында тегін білім, басқа мамандық алып, жұмысқа орналасып кетуге мүмкіндік туып отыр. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 443,751 млн. теңге қаралса, соның 51,396 миллионы игерілген. Барлығы 3254 адам өз білімін көтеруі тиіс болса, соның 1269-ы оқуға жіберілген.

Соңғы жаңалықтар