Батыс Қазақстанда жасөспірімдерді барынша спортқа тарту қолға алынуда

None
None
ОРАЛ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жасөспірімдерді барынша спортқа тарту қолға алынуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім бастығы Тұрарбек Бекарыстановтың айтуынша, бұл олардың арасында құқық бұзушылықтың азаюына ықпал етеді. Соның ішінде қиын балаларға да көңіл бөлінеді. Осыған орай балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері басшы-мамандарының қатысуымен арнайы жиын да өткізілді.

Дегенмен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық әлі де азая қойған жоқ. Биылғы тоғыз айда 2243 жас жеткіншек түрлі әкімшілік, ал 225-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Облыстық ішкі істер департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының инспекторы Диляра Сатарованың пікірінше, мұнда ата-ананың да кінәсі бар. Әсіресе, ересектердің өзінің қылмыстық тобына жасөспірімдерді тартуы көбейіп отыр. Бұл бағытта облыстық білім басқармасымен, спорт мекемелерімен бірлескен жұмыс жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар