Батыс Қазақстанда жасөспірімдер арасында самбодан ел чемпионаты мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласында самбо күресінен 2002-2003 жылғы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ел чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірнеше күнге созылған жарыс қорытындысында салмақ дәрежелеріне қарай жеңімпаздар анықталды.

Қыздар арасында Аружан Арман (38 кг, Алматы облысы), Әсемкүл Балтабай (41 кг, Шымкент), Құндыз Жылқыбай (44 кг, Қызылорда), Гузаль Аюпова (48 кг, Алматы о.), Наргиз Воисова (52 кг, Қызылорда), Ақнұр Асылбекова (56 кг), Айдана Жарболова (60 кг, екеуі де Алматы о.), Мәдина Ержан (65 кг, Астана), Риза Сүлейменова (70 кг, БҚО) және Карина Скогорева (+70 кг, Алматы о.) жеңіс тұғырына көтерілді.

Ұлдардан Нұрдәулет Ерік (42 кг, Жамбыл), Ернар Қуандық (46 кг, Қызылорда), Мәди Оразов (50 кг), Мәдениет Құлманов (55 кг, екеуі де Атыраудан), Диас Мәжитов (60 кг, Байқоңыр), Ілияс Әбдуахас (66 кг, Түркістан), Серікбол Естай (72 кг, ШҚО), Бексұлтан Әшен (78 кг, Түркістан), Мұхамедәли Мавлидов (84 кг, Алматы о.), Замир Хамзин (+84 кг, БҚО) чемпион атанды.

Жарыстың бас хатшысы Нұфтолла Түменовтің айтуынша, үздік шыққандарға ҚР спорт шеберіне үміткер атағы беріліп, ұлттық құрама жасақталады. Ел құрамасы осы жылдың 7-8 желтоқсан күндері Сербия елінің Нови-Сад қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады 

Соңғы жаңалықтар