Батыс Қазақстанда жаңадан дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Елорда күніне орай Теректі ауданы Подстепный ауылында сәулетті дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа кешенде бір мезгілде 100-ден астам бала жаттыға алады. Кешкісін және демалыс күндері саламатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар үшін де спорт залдары ашық болмақ.

Ғимараттың ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев Елбасы тапсырмасына сәйкес 2019-2020 жылдары барлық аудан орталықтары мен ірі ауылдарда 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу қолға алынғанын жеткізді.

Соның бірі – Оралға іргелес орналасқан Подстепный ауылындағы осы спорт сарайы.

Жаңа кешен көптеген атақты спортшылар шыққан Теректі ауданына тың серпін беретін болады.

Жаңа кешенде спорт және тренажер залдары бар, онда келушілер волейбол, баскетбол, шағын футбол, қазақ күресі, еркін күрес, дзюдо сынды спорт түрлерімен айналыса алады.

Мұнда сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де жағдай жасалған. Медициналық кабинет, күрес залдары, 160 орындық көрермен залы да бар.

Аталмыш нысан «ҚПО б.в.» компаниясының өңірдің әлеуметтік жобаларына бағытталған қаржысы есебінен бой көтерді.


Соңғы жаңалықтар