Батыс Қазақстанда жалған вакцина құжатын пайдаланған адам ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жалған вакцина құжатын пайдаланған Атырау тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Ақсай қаласында болды.

Осындағы ұйымдардың бірінде қауіпсіздік техникасы бөлімінің басшысы қызметін атқаратын 1985 жылғы А-ның жұмыс орнында жалған вакцина құжатын пайдаланғаны анықталды.

Күдікті кінәсін мойындады.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне (жалған құжат жасау немесе өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда адам өлтірген 33 жастағы күдіктінің қолға түскенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар