Батыс Қазақстанда түске дейін 20 адам көліктерін заңдастырды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Шетелде тіркелген автокөліктерді заңдастыру Батыс Қазақстан облысында да басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Орал қаласындағы Жәңгір хан көшесі 160-мекенжайында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына түске дейін 50-ге жуық адам келіп, өтініш білдірді.

Соның 20-сы жаңа қазақстандық нөмірлермен кетті.

Мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері атап өткеніндей, тіркеу туралы өтінімді кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында немесе e-gov арқылы беруге болады. Бұдан бөлек, «электрондық үкіметтің» сайтында жабық бокста тексерту үшін алдын ала кезек брондауға болады. Онда криминалистер агрегаттық нөмірлерді көлік құралын тіркеу туралы куәлігіндегі мәліметтермен салыстырады, автокөлікті криминалдық есептер бойынша тексереді. Егер машина талаптарға сай болса (шетелде есептен шығарылған, кедендік тазартудан өткен және т.б.), адам Қазақстанда тіркелген көліктің заңды иесі болады.

«Полиция қызметкерлері жұртшылықпен кездесіп, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Барлық мәселе бойынша БҚО ПД процессингтік орталығына 8 (7112) 92-10-02, 98-43-29 телефондары арқылы хабарласуға болады», деп хабарлады ведомстводан.

Фото – БҚО полиция департаменті


Соңғы жаңалықтар