Батыс Қазақстанда тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі жанып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тұрмыстық техника тиелген жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 20 маусым күні сағат 11.51-де Сырым ауданы аумағында болды.

Самара-Шымкент жолының 360-шақырымында Жымпиты ауылынан 30 шақырым жерде Оралға тауар тиеп келе жатқан Scania жүк көлігі отқа оранды.

«1957 жылғы жүргізуші айдаған автокөлік пен тұрмыстық техника тиелген тіркемесінен түк қалмай жанып кетті. Жүргізушінің сөзіне қарағанда, тіркемеге 15-16 тоннадай жүк (теледидар, кондиоционер және басқа тұрмыстық техникалар) тиелген. Өрт сөндірушілер жалынды екінші тіркемеге жібермеді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде тауардың иесі, өрттен келген шығын көлемі анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар