Батыс Қазақстанда тұрғындарға көрсетілетін байланыс қызметінен түскен табыс 6,7 пайызға өсіп, 2233,8 млн. теңгеге жетті

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Биылғы он айда Батыс Қазақстан облысының байланыс кәсіпорындары 3948,3 млн. теңгенің қызметін көрсетті.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 4,5 пайызға аз. Есесіне ауылдық жерде көрсетілген қызмет көлемі 24,4 пайызға көбейіп, 985,7 млн. теңгені құрады. Байланыстағы табыстың үлес салмағы халықаралық және қалааралық телефон байланысы ( 35,8 пайыз ), жергілікті байланыс ( 23,5 пайыз ) және Интертет қызметінде ( 18,7 пайыз ) жоғары.

Тұрғындарға көрсетілетін қызметтен түскен табыс 6,7 пайызға өсіп, 2233,8 млн. теңгеге жетті.

Соңғы жаңалықтар