Батыс Қазақстанда тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау айлығы өткізілуде

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қазанның 26-сы мен қарашаның 26-сы аралығында тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау айлығы өткізілуде,

 

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы Жарқын Фазыловтың айтуынша, өңірде барлығы 189516 тұрғын үй болса, айлық кезінде мекенжайлар барынша қамтылып,  өрт қауіпсіздігін сақтауға байланысты түсінік жұмыстары жүргізіледі.

Батыс Қазақстанда өрттің 80 пайызы тұрғын үй үлесіне тиеді. Биылғы он айда тұрғын үйлерде 458 өрт тіркелген.

Соңғы жаңалықтар