Батыс Қазақстанда тұрғын үй құрылысына 4,4 млрд. теңге жұмсалды

None
None
ОРАЛ. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда тұрғын үй құрылысына 4,4 млрд. теңге жұмсалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық статистика департаментінің мәліметіне қарағанда, бұл өткен жылғыдан 23,5 пайызға аз. Жыл басынан бері іске қосылған тұрғын үй көлемі 9,5 пайызға кеміп, 117,8 мың шаршы метрді құрады. Оның 64 пайыздайы немесе 75 мың шаршы метрі тұрғындар есебінен салынды.

Тұрғын үйді іске қосу Бөрлі, Зеленов, Теректі мен Орал қаласынан басқа аудандардың бәрінде өсті. Пайдалануға берілген үйдің 70 пайыздайы - Орал қаласы, 12,5 пайызы - Зеленов, 10,6 пайызы Бөрлі ауданының үлесіне тиеді.

Соңғы жаңалықтар