2009 жылғы 9 қазан 08:52

Батыс Қазақстанда тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде

ОРАЛ. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында тұмауға және 8-14 жастағы балаларды қызылшаға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемсанэпидқадағалау департаменті директорының орынбасары Алтын Орынғалиеваның сөзіне қарағанда, өңірдегі балалар, қарттар үйі, түрме, арнайы диспансерлер секілді мекемелерде тұмауға қарсы егу жұмыстары қазанның 20-сына дейін аяқталмақ. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 18,56 млн. теңге бөлініп, 7200 дана дәрі сатып алынған. Тұмаудың әдетте қыс айларында күшейетіні мәлім. Мәселен, биылғы тоғыз айда өткір жұқпалы аурулар 5,2 пайызға, ал тұмау 2,5 есеге көбейген. Сондықтан сақтық шаралары осының алдын алу үшін жасалып отыр. Тұрғындар тұмауға қарсы қала мен аудандардағы емханаларда ақылы негізде егіле алады. Бағасы шамамен 1200-1800 теңгені құрайды.

Әлемге таралып үлгерген доңыз тұмауынан облыс әзірге аман. Оған қажетті дәрі-дәрмек қоры да өңірде жеткілікті.

Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT