+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда той өткізген тұрғындарға 1,5 млн теңге айыппұл салынды

2020 жылғы 19 шілде 12:50
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда той өткізген тұрғындарға 1,5 млн теңге айыппұл салынды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында той өткізген тұрғындарға 1,5 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Қазақстанның 3 қаласында бастауыш мектеп оқушылары толықтай қашықтан оқытылады Вакцина коронавирустан 100% қорғай ма – профессор жауабы Жамбыл облысына 72 жастағы қарт коронавирустан айықты

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің Facebook-тегі парақшасында мәлім еткеніндей, той өткізуге ниеттілер әлі де бар.

«Кеше көшеде бір жас жігіт жақындап, үйлену тойын өткізуге рұқсат сұрады. Тойға көп адам шақырмаймыз, қонақтар саны 30 адамнан аспайды деді. Мен неге той-томалақтар өткізуге болмайтынын түсіндірдім, ол бәрін ұққандай болып кетті. Айтайын деген ойым, біздің арамызда кейбір адамдарға тойлар мен садақалар туысқандары мен достарының денсаулығынан маңызды болып отыр», деп жазды өңір басшысы.

Облыс аудандарында 5-17 шілде аралығында мониторингтік топтар көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салу ережелерін бұзған тұрғындарды анықтады.

Әкімнің келтірген деректеріне қарағанда, Жәнібек ауданында (Жәнібек ауылы, Борсы ауылы), Теректі ауданында (Федоров ауылы, Абай ауылы), Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында 50 адамға дейін жиналған үйлену тойлары өткен. Ұйымдастырушылар мен той иелеріне 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осы аудандарда коронавирустың таралу қаупі бар. Сондықтан аталған аудандар тұрғындары жерлестерінен осындай шараларды өткізбеуді талап етуі тиіс. Егер тойлар мен садақалар жалғаса беретін болса, онда бұл аудандардағы жағдай күрделене түседі. Онсыз да өңірде дәрігерлер мен медбикелер тапшылығы әлі де бар.

Ғ.Есқалиев сонымен қатар кейбір аудандарда, ауылдық жерлерде оң өзгерістер бар екендігін жеткізді.

Жақында облыс басшысы Тасқала ауданында іссапармен болған кезінде дәрігерлер аудандық ауруханаға келетін науқастар саны азайғанын атап өткен. Бүгінде ауданда 3 жылжымалы медициналық топ құрылған. Олардың белсенді жұмыстарының арқасында қоңыраулар саны 3 есе кеміген. Мысалға, бір апта бұрын 35 қоңырау түскен болса, бүгінгі күні 11 қоңырауға дейін кеміген.

Сондай-ақ аудандық аурухананың дәрігерлері Telegram мессенджерінде топ ашып, аудан тұрғындарына онлайн-кеңестер өткізіп жатыр. Жергілікті кәсіпкерлер мен облыстың белсенді азаматтарының есебінен көршілес Саратов облысынан аудандық ауруханаға қосымша дәрі-дәрмектер сатып алынған. Стационарлық және амбулаториялық ем алушылар тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Барлық ауылдық округтерге дәрі-дәрмектерді арнайы медицина қызметкерлері жеткізіп жүр. Оған қоса пандемия кезінде ауылдық округ тұрғындары дәрі-дәрмектерді аудан, облыс орталықтарына бармай-ақ, ауылдық ФАП арқылы тапсырыс беріп ала алады.

«Ең бастысы, аудан халқы қазіргі жағдайды жақсы түсініп, той-томалақтарды өткізбеу туралы шешім қабылдаған. Тәртіпке бағыну арқылы тасқалалықтар бұрынғы өмір ырғағына тез келеді деп сенемін. Өкінішке қарай, облыс аудандарында эпидемиологиялық жағдай әртүрлі. Барлық аудан қалыпты өмір ырғағына қайта оралуы үшін бәріміз жауапкершілікті арттыруымыз қажет. Қарым-қатынасты азайту арқылы туыстарымыз бен достарымыздың өмірлерін сақтап қаламыз. Сонда ғана бізде науқастар саны азаяды. Бұл біздердің дәрігерлерге көрсеткен үлкен көмегіміз болады», деп түйіндеді ойын облыс әкімі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ресейлік мамандардың жергілікті дәрігерлерге қолұшын беріп жатқанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT