+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда төрт күнде 577 адамнан коронавирус табылды

2021 жылғы 3 мамыр 15:42
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда төрт күнде 577 адамнан коронавирус табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 577 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлыбританияда барлық шектеулерді жеңілдету бір айға шегерілді «Ashyq» жобасы әуежайларда, теміржол вокзалдарында енгізіледі Елордада коронавирус қайта өрши бастады

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 337-сі Орал қаласында тіркелген.

Сондай-ақ соңғы төрт тәулікте Бәйтерек ауданында 82, Бөрліде 55, Теректіде 31 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды.

Департамент мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері өңірде 10386 адам сырқаттанса, соның 6583-інде ауру белгілері бар, ал 3803-інде симптомы болған жоқ.

Ал індет басталғаннан бері облыста 19607 адамнан (11248-інің ауру белгілері бар, 8359-ының симптомы жоқ) КВИ анықталды. Соның ішінде Орал қаласында 11339, Бөрлі ауданында 2120, Бәйтеректе 2073, Теректіде 800, Ақжайықта 673, Шыңғырлауда 541 адамнан коронавирус табылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 1 мамырдан бастап 21 блокпост жұмыс жасай бастағанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT