Батыс Қазақстанда төрт күнде 400-ден астам адамнан коронавирус анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 401 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 304-інде ауру белгілері болса, 97-сі –симптомы жоқтар.

Соның ішінде 225-і ЖРВИ белгілерімен дәрігерге қаралған, 133-і бұрын індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған. 40-ы профилактикалық мақсатта, үшеуі стационарға жатқызар алдында тексерілген.

Департамент мәліметіне қарағанда, ауырғандардың тең жартысынан астамы, яғни 211-і Орал қаласының үлесіне тиеді. Сондай-ақ төрт тәулікте Бөрлі ауданында 70, Бәйтеректе 54, Тасқалада 15, Теректіде 12 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Індет басталғалы облыста барлығы 20768 адам тіркелсе, соның 16187-сі жазылып шықты. 303 науқас өмірден озды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 58 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын, блокпостар алынғанымен, шектеу шаралары сақталатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ БҚО-да мамыр айында 1331 адамнан коронавирус табылды.






Соңғы жаңалықтар