Валюта бағамдары:
    usd/kzt 460.95 eur/kzt 487.18

    rub/kzt 8.66 cny/kzt 68.91
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Батыс Қазақстанда ток соққан екі бала ауруханаға түсті

2022 жылғы 25 мамыр 10:53

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ток соққан екі бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бірінші оқиға 24 мамыр күні сағат 13.55-те Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында болған.

Төрт бала ойнап жүріп, подстанцияның қоршалған жабық аумағына кірген. Сол кезде бес жасар ұл баланы ток соққан. Аудандық ауруханаға жатқызылған оның жағдайы ауыр.

Екінші оқиға 24 мамыр күні сағат 11.00-де Казталов ауданы Бостандық ауылдық округі Ақсуат қыстағында болды.

Ата-анасының қарауынсыз қалған алты жасар ұл бала трансформаторға (380 Вт) қолын тигізген.

Соның салдарынан 2-3 дәрежелі күйік жарақатын алып, аудандық ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, Жаңақазан ауылында ток соққан баланың екі қолы күйген.

Жағдайы өте ауыр. Қаладан кеше санавиация барды. Баланың екі қолын кесуге тура келді. Қазіргі кезде ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 11 жасар баланы қағып кеткен автокөліктің іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.


Автор:

Елжан Ералы

Новости по теме