Батыс Қазақстанда тергелген қылмыстар бойынша келтірілген шығын көлемі 11 млрд. теңгеге жетті

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстанда  биылғы он айда тергелген қылмыстар бойынша келтірілген шығын көлемі 11 млрд. теңгеге жетті.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осының 92,3 пайызы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстың үлесіне тиеді.

Облыс құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 2473 адамды анықтаса, соның 1816-сы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Осының 10,8 пайызы әйелдер, 9,9 пайызы - жасөспірімдер.

Өңірде жыл басынан бері 3872 қылмыс тіркелсе, соның 2285-і - меншікке қарсы қылмыс, ал 1293-і ұрлық болып отыр.

Соңғы жаңалықтар