+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда тағы үш адам суға кетті

2020 жылғы 12 шілде 20:53
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда тағы үш адам суға кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тағы үш адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордалық полицей суға батып бара жатқан әйелді құтқарды Шомылу маусымы: ШҚО-да құтқарушы иттер кезекшілікке кірісті Қызылордада 8 жасар ұл бала суға батып кетті

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 11 шілде күні Орал қаласында 60 жастағы ер адам Жайық өзеніне белгісіз жағдайда батып кетті.

Марқұмның денесін 1-саяжай серіктестігі маңында құтқарушылар (3 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) сағат 22.38-де шығарды.

Тағы бір қайғылы оқиға Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округі Ескіесім елді мекені маңында болды. 12 шілде күні сағат 08.25-те құтқарушылар (4 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) Жайық өзенінен 19 жастағы жігіттің денесін алып шықты. Ол 11 шілде күні жабдықталмаған жерден сағат 18.00-де батып кеткен.

12 шілде күні сағат 10.07-де Оралда «Комарово» саяжай серіктестігі маңында құтқарушылар (5 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) 18 жастағы жігіттің денесін Жайықтан шығарды. Ол 10 шілде күні сағат 16.36-да жабдықталмаған жерде шомылу кезінде судан шықпай қалған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда суға кеткендердің тең жартысынан астамы балалар екендігін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT