+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда тағы да жолдар жабылды

2019 жылғы 16 қаңтар 21:40
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда тағы да жолдар жабылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында бұрқасын мен күшті желге байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, бүгін сағат 18.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы», «Өнеге-Бисен-Сайқын» жолдарында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Бұл жерлерде желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жеткен.

Аталған жолдар кеше де жабылып, бүгін таңертең ашылған болатын.

Сонымен қатар кеше сағат 23.00-ден бастап жабылған облыстық «Тасқала-Аққурай-Болашақ» және бүгін 00.30-дан бастап қозғалыс шектелген республикалық «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» жолдары әлі ашылған жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын кеше күшті желге байланысты жолдар жабылғанын, бүгін ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT