Батыс Қазақстанда тағы бір жасөспірім суға кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тағы бір жасөспірім суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Оралда Чапаев атындағы затон аумағында болды.

Сағат 16.08-де 2005 жылғы жасөспірім шомылуға тыйым салынған жерден Жайық өзеніне түсіп, батып кеткен.

Сағат 16.40-та оқиға куәгерлері марқұмның денесін судан шығарды.

Оқиға орнына жедел құтқару жасағы (4 адам, 1 техника, 1 жүзу құралы), полицейлер (4 қызметкер, 2 техника) барды.

Батыс Қазақстан облысында осымен 10 адам суға кетсе, соның үшеуі жасөспірімдер болып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жас жігіттің суға кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар