Батыс Қазақстанда тағы бір мәдениет үйі күрделі жөндеуден кейін іске қосылды

None
None
ОРАЛ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданы Бірлік ауылында мәдениет үйі қайтадан пайдалануға берілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениет үйін күрделі жөндеуге 40 млн. теңге бөлініп, жұмысты «SAIR» ЖШС атқарды.

Бұл - бірліктік тұрғындардың биылғы екінші қуанышы. Бұдан бұрын 25 млн. теңгеге балабақша ғимараты да күрделі жөнделіп, іске қосылған болатын.

Мәдениет үйінің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Төлеген Мерғалиев биыл өңірде дағдарысқа қарсы шаралардың ойдағыдай атқарылғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар