Батыс Қазақстанда тағы бір бала әткеншектен құлап, жарақат алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында 2009 жылғы ұл бала әткеншектен құлап, басынан жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға кеше кешкісін Зачаган кентінде орын алды.

Бала басын темір әткеншекке соққан. Басынан ашық жарақат алып, миына зақым келген бала қазір қалалық көпбейінді ауруханада жатыр. Оған медициналық жәрдем көрсетілуде, әзірге ота жасалған жоқ.

Айта кетейік, бұдан бұрын 21 мамыр күні Теректі ауданы Подстепный ауылдық округінде 4 жасар бала әткеншектен құлап, ішінен жарақат алған болатын. Дегенмен ішкі ағза мүшелеріне зақым келмеген. Ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ем алуда.

Балалардың екеуі де дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар