Батыс Қазақстанда су тасқынына тосқауыл қою жұмыстары жалғасуда

None
None
ОРАЛ. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында су тасқынына тосқауыл қою жұмыстары жалғасуда.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қазіргі кезде ТЖМ бөлімшелерінен 48 техника, 51 адам, жергілікті атқарушы органдардан 300 техника, 2080 адам тартылды.

Су тасқынына қарсы шараларды атқару үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің Ми-171 тікұшағы келді. Батыс Қазақстанға өзге өңірлерден жеткен құтқарушылардан қызыордалықтар - Зеленов, Қазталов аудандарына, ақтөбеліктер - Зеленов пен Тасқалаға, атыраулықтар Жаңақала мен Қазталовқа бөлінді.

Облыс жолдарында су өткізетін құбырларды тазарту жұмыстары жалғасуда. Республикалық маңызы бар Қазталов-Жәнібек жолының 63-шақырымында су жолдың үстіне шығып кеткен болатын, мұнда белгілер қойылып, 4 техника, 10 адам кезекшілік атқаруда. Осындай жағдай Жәнібек-Қазталов жолының 131-шақырымында да орын алды. Мұнда да белгілер қойылып, 4 техника тұр, қозғалыс бар.

Аудандар мен Орал қаласында елді мекендерден қар шығару, су сору, құм толтырылған қапты әзірлеу және басқа жұмыстар жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар