Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі жоқ - облыстық ТЖД

None
None
ОРАЛ. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы тұрақталды. Өңірде тұрғын үйлер мен құрылыс нысандарына төнген қауіп жоқ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Жайық, Шаған (мұның жоғары жағында су қайта бастады), Қараөзенде су деңгейі көтерілуде.

«Қазгидромет» РМК-ның 12 сәуірдегі мәліметіне қарағанда, Жайық өзені Орал қаласы тұсында 348 сантиметрге (тәулігіне - 31 см) көтерілген (қауіпті деңгейі - 850 см). Жайықтағы су тасқынының шарықтау шегі 9 мамырға дейін болмақ, биыл шауып шыққанда 650 см-ға жетеді делінуде. Облыстың басқа өзендерінде су қайту үстінде.

Ириклин су қоймасынан секундына 120, Варфоломеевтен 8 текше метр су жіберілуде.

Соңғы жаңалықтар