Батыс Қазақстанда су басқан Бөрлі ауданында жарияланған төтенше жағдай режимі алынады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынына байланысты Бөрлі ауданында жарияланған жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің «Бөрлі ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімнің күші жойылды деп танылсын», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған аудан әкімі Еркебұлан Ихсановтың шешім-құжатында.

Еске салайық, су тасқынына байланысты 11 наурызда Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданында төтенше жағдай жарияланған еді. Сол кездегі Орал қаласы әкімдігінің ақпаратына сай, аудандағы 8 тұрғын үйді су басқан.

Бұдан бөлек, су тасқынына байланысты Орал қаласы мен екі ауданда төтенше жағдай жарияланды.


Соңғы жаңалықтар