Батыс Қазақстанда студенттік құрылыс жасақтарының жұмысы қорытындыланды

None
None
ОРАЛ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Биыл студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының құрылғанына 50 жыл толды.

Осыған орай Петропавл қаласында жазғы еңбек кезеңінің жабылу салтанаты өткізіліп, оған батысқазақстандық жастар да қатысып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазанның 28-інде осы шараға барып қайтқан Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының оқытушысы Сайлау Сүлейменов бастаған жастармен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Асланбек Сарқұлов кездесу өткізді. Петропавлдан студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары БҚО штабының жетекшісі Әліби Сүндетов «үздік жетекші» аталымымен оралды.

Биыл осындай еңбек жасақтары өңірде 12 құрылыс мекемесімен бірлесіп жұмыс атқарды. Жастар көптеген құрылыс нысандарының бой көтеруіне өз үлестерін қосты. Студенттік құрылыс жасақтарына биыл 750-дей сарбаз тартылды.

Соңғы жаңалықтар