Батыс Қазақстанда соңғы төрт тәулікте 440 адамнан коронавирус табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында індет тарай бастағанан бері 21208 адам коронавирус жұқтырса, соның 12074-і Орал қаласында тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, облыс бойынша 16364 адам сауығып шықты.

Осы кезге дейін 314 науқас көз жұмды.

Соңғы төрт күнде облыста 440 адам тіркелсе, соның 346-сында ауру белгісі бар, 94-інде симптомы жоқ. 279 адам ЖРВИ белгілерімен қаралған, 123-і - үй ошағындағылар, 29-ынан профилактикалық мақсатта, үшеуінен стационарға жатқызар алдында сынама алынған.

440 адамның 187-сі Орал қаласы, 103-і Бәйтерек, 47-сі Бөрлі ауданының үлесіне тиеді.

Індет басталғалы бері Бәйтеректе 2399, Бөрлі ауданында 2314 адам коронавирус жұқтырған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да төрт күнде 400-ден астам адамнан коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар