Батыс Қазақстанда соңғы төрт тәулікте 335 адамнан коронавирус анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт тәулікте 335 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 225-інде ауру белгілері болса, 110-ында сырқат сезілмеген.

Ауырғандардың 171-і ЖРВИ белгілері бойынша тексерілсе, 88-і бұрын ковид жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған. 72-сі профилактикалық, 4 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында қаралған.

Коронавирус табылғандардың 144-і Орал қаласында, 36-сы Бәйтерек, 31-і Бөрлі, 26-сы Шыңғырлау, 19-ы Теректі, 18-і Ақжайық ауданында тіркелген.

Індет тарай бастағалы облыс бойынша 35 830 науқастың 27 850-і жазылып шықты. 702 адам өмірден өтті.

Барлық ауырғандардың 18 138-і Орал қаласының, 4741-і Бәйтерек, 4384-і Бөрлі, 1620-сы Тасқала, 1287-сі Ақжайық, 1039-ы Казталов, 1016-сы Шыңғырлау ауданының үлесіне тиеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО ауруханаларында 500-ден астам науқастың коронавирустан ем алып жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар