Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 463 адамнан коронавирус анықталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 463 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 322-сінде ауру белгілері болса, қалған 141-інде коронавирус симптомсыз өтуде.

11-14 сәуір аралығында ЖРВИ белгілерімен тексерілген 265, бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған 143, профилактикалық мақсатта қаралған 48 және стационарға жатқызар алдында сынама алынған 7 адамнан індет табылды.

Ауырғандардың басым көпшілігі (257) Орал қаласының үлесіне тиеді. Сондай-ақ төрт күнде Бәйтерек ауданында 84, Бөрліде 40, Шыңғырлауда 32, Теректіде 19, Қазталовта 15 адамнан коронавирус анықталды.

Індет басталғаннан бері облыс бойынша 16730 адам сырқаттанса, соның 13388-і жазылып шықты. 259 адам өмірден озды.

Орал қаласында коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 9606, Бөрлі ауданында 1782, Бәйтеректе 1764-ке жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе алғандар саны 20 мыңнан асқанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар