Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 440 адамнан коронавирус табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 440 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның ішінде 298-інде ауру белгілері болса, 142-сі – симптомы жоқтар.

Ауырғандардың 258-і ЖРВИ белгілерімен дәрігерге қаралған. 72-сі бұрын коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған. 103-і профилактикалық, жетеуі эпидемиологиялық бақылау мақсатында тексерілген.

Департамент мәліметіне қарағанда, науқастардың 135-і Орал қаласында, 71-і Бәйтерек, 64-і Бөрлі, 41-і Тасқала, 29-ы Теректі, 25-і Ақжайық ауданында тіркелген.

Індет басталғаннан бері өңірде барлығы 33 584 адамнан коронавирус табылса, соның 25668-і жазылып шықты. 636-сы көз жұмды.

Барлық сырқаттанғандардың 17327-сі Орал қаласы, 4427-сі Бәйтерек, 4067-сі Бөрлі ауданының үлесіне тиеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарларда 630-ға жуық науқастың емделіп жатқанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар