Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 360-қа жуық адамнан коронавирус табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 359 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 262-сінде ауру белгісі болса, 97-сі – симптомы жоқтар.

Ауырғандардың 217-сі ЖРВИ белгілері бойынша дәрігерге жүгінген. 83-і қарым-қатынаста болған адамдардан жұқтырған. 50-і профилактикалық мақсатта тексерілсе, төртеуінен стационарға жатқызар алдында сынама алынған.

Сырқаттанғандардың 160-ы Орал қаласында, 65-і Бәйтерек, 59-ы Бөрлі, 19-ы Ақжайық, 17-сі Тасқала ауданында тіркелген.

Індет басталғаннан бері өңірде 22 502 адам ауырса, соның 17 569-ы жазылып шықты. 337 науқас өмірден өтті.

Барлық коронавирус жұқтырғандардың 12 658-і Орал қаласы, 2 648-і Бәйтерек, 2 495-і Бөрлі, 951-і Теректі, 772-сі Ақжайық ауданының үлесіне тиеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 68 мыңға жуық адамның коронавирусқа қарсы егілгенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар