+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 260-қа жуық адам коронавирус жұқтырған

2021 жылғы 24 маусым 11:04
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 260-қа жуық адам коронавирус жұқтырған

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 258 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында коронавирус жұқтырған балалар мен жүкті әйелдер көбейді Өзбекстанда балалар арасында коронавирус жұқтыру жиілеп кетті БҚО-да коронавирус жұқтырған 800-ден астам адам амбулаторлық ем алып жатыр

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның басым көпшілігінде, яғни 215-інде ауру белгілері болса, 43-інің симптомы жоқ.

Науқастардың 185-і ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген,

49-ы бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған, 24-інен профилактикалық мақсатта сынама алынған.

Сырқаттанғандардың 125-і Орал қаласында, 34-і Бәйтерек, 34-і Бөрлі ауданында тіркелген.

Індет басталғаннан бері облыс бойынша барлығы 24280 науқастың 19441-і жазылып шықты. 367 адам көз жұмды.

Барлық ауырғандардың 13524-і Орал қаласы, 2982-сі Бәйтерек, 2697-сі Бөрлі, 997-сі Теректі, 835-і Ақжайық ауданының үлесіне тиеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарда жатқандар саны 455-ке жеткенін жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT