+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Батыс Қазақстанда соңғы он күнде 20 оқушыдан коронавирус табылды

2021 жылғы 4 маусым 14:03
Бөлісіңіз:
Батыс Қазақстанда соңғы он күнде 20 оқушыдан коронавирус табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 25 мамырдан бері жазғы мектепте 19 маусымға дейін білім алатын 20 оқушыдан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-та круиз лайнерінің бортында он адамнан коронавирус анықталды Коронавирусқа шалдыққан 363  науқастың жағдайы ауыр -Денсаулық  министрі Қазақстандағы коронавирус: 11өңір - «жасыл» аймақта

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың мәлім еткеніндей, өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткендей, қазіргі кезде облыс бойынша қала мен аудандар бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулысымен 8 мектептегі 8 сынып, 4 балабақшада 4 топ карантинге жабылды.

Жалпы, оқу жылы басталғаннан бері барлығы 1303 оқушыдан (676-сы дәстүрлі сипатта, 627-сі қашықтан білім алады) індет анықталды.

Өңірде пандемия басталғаннан бері 22833 адам ауырса, маусым айында 275 науқас тіркелді.

Мұхамғали Арыспаевтың сөзіне қарағанда, соңғы аптада (28 мамыр – 3 маусым) алдыңғымен салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 4,9 пайызға (626-дан 595-ке) төмендеді.

Мониторингтік топтар осы айда 18 рейд жүргізіп, 88 нысанды қамтыды. Екі нысанда карантин талабын бұзушылық анықталды. 1 хаттама толтырылып, 43755 теңге айыппұл салынды.

«Күні бүгін «Ashyq« қосымшасымен облыс бойынша барлығы 481 нысан жұмыс істейді. 1 мамырдан бері осы жобаға қатысатын нысандарға үйлерінде оқшаулануы тиіс, қызыл және сары мәртебесі 185 адамның келгені анықталды. Соның ішінде Оралда қызыл мәртебесі бар 72, сарымен 94, Ақсай қаласында қызылмен 9, сары «түсті» 10 адам аталған нысандарға кірмек болған», деді Мұхамғали Арыспаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 13,5 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT