Батыс Қазақстанда шағын кәсіпкерлік нысандарының 111 жобасы 4,8 миллиардтан астам теңгеге қаржыландырылды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ҚР Үкіметінің тұрақтандыру бағдарламасына сәйкес шағын кәсіпкерлік нысандарының 111 жобасы 4843 млн. теңгеге ( соның ішінде қайта қаржыландыру бойынша - 1957 млн. теңгеге 61 жоба ) қаржыландырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, нақты 3971 млн. теңгенің 110 несиесі берілді.

Ауыл кәсіпкерлерін қолдау және азық-түлік кауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық тауар өндірушілерді несиелендіру үшін облыстық бюджет есебінен 250 млн. теңге бөлінді. Одан 130 млн. теңгеге 45 жоба несиелендірілді.

Өңірде 15 шағын несие ұйымы жұмыс істейді. Олар арқылы 317,1 млн. теңгеге 611 шағын несие берілді.

Соңғы жаңалықтар