Батыс Қазақстанда шағын кәсіпкерлік нысандарын қаржы-несиелік қолдау шаралары жүзеге асырылуда

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстанда шағын кәсіпкерлік нысандарын қаржы-несиелік қолдау шаралары жүзеге асырылуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзіне қарағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Тұрақтандыру бағдарламасының 3-траншы бойынша шағын және орта бизнес нысандарын несиелендіру бойынша 4461 млн. теңгеге 110 жоба қаржыландырылды.

Ауыл кәсіпкерлерін қолдау және азық-түлік кауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауылдық тауар өндірушілерді несиелендіру үшін облыстық бюджеттен 250 млн. теңге бөлінді. Одан 230,4 млн. теңгеге 70 жоба несиелендірілді.

15 шағын несие ұйымдары 865,3 млн. теңгеге 1208 шағын несие берді. Бұл өз кәсібін ашқандар қатарында ауыл тұрғындарының көбеюіне мүмкіндік берді.

2009 жылғы қарашаның 1-індегі мәлімет бойынша, облыстың шағын кәсіпкерлік саласында 75,3  мың  адам жұмыс істейді, бұл өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда 6,3 пайызға көп. Өндірілген өнімдер көлемі 68  млрд. теңге құрады.

Соңғы жаңалықтар