Батыс Қазақстанда Сенат депутатын сайлау қалыпты өтуде - байқаушы

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Сенат депутатын сайлау қалыпты өтуде. Бұл туралы байқаушы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы БҚО өңірлік филиалы төрағасының орынбасары Мынатаубиік Әнесов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М.Әнесовтің айтуынша, бәрі де рет-ретімен заңға сәйкес өтуде.

«Алдымен таңдаушылардың бірлескен отырысында облыстық аумақтық комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов дауыс беру тәртібін түсіндірді. Содан кейін депутаттар дауыс беруге кірісіп кетті. Бірнеше байқаушы дауыс беру барысын бақылап отырмыз. Таңдаушылар кабиналарға жеке-жеке кіріп, содан кейін өз таңдауларын жасауда. Бәрі қалыпты өтуде», деді ҚазАқпарат тілшісіне М.Әнесов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда Сенат депутатын сайлауға 185 таңдаушының қатыспақшы екендігін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда таңдаушылар дауыс беріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар