Батыс Қазақстанда сегіз жасар бала суға батып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында сегіз жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 шілде күні Ақжайық ауданы Алғабас ауылы шетіндегі Көшім каналында болды.

Сағат 20.00-де сегіз жасар бала шомылуға жабдықталмаған жерде батып кеткен. Оның денесін жергілікті тұрғындар сағат 20.40-та шығарып алды.

Осымен өңірде жыл басынан 13 адам суға кетсе, соның бесеуі - жасөспірімдер.

БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға суға түскен кезде қауіпсіздік ережесін ұмытпау керектігін еске салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ер адамның суға батып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар