Батыс Қазақстанда санитарлық посттар қойылады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 10 қарашадан бастап 23-іне дейін шектеу шаралары қатаңдатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың қаулысына сәйкес індетке қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Орал қаласына және облыс аудандарына кіріп-шығатын жерлерге санитарлық посттар орнатылады.

Шектеу шараларының режимі мен уақыты аймақтағы COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы жағдайының өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Өңір тұрғындары респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, 103 телефонына қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгінуі керек.

Сондай-ақ тұрғындар 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда, халыққа қызмет көрсетуге, баруға және демалуға арналған орындарда, қоғамдық көліктерде, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында қашықтықты сақтай отырып тамақтану кезінде, 5 адамнан аспайтын топтық спорт түрлерімен айналысатындарды қоспағанда, ашық жерлердегі қоғамдық орындарда медициналық немесе мата маскаларын кию міндетті.

Жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызмет қызметшілерін, жергілікті әскери басқарма органдарының қызметшілерімен сүйемелденетін әскерге шақырылғандар, сонымен қатар халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін және стратегиялық нысандардың өндірістік процесін қамтамасыз ететін жұмысшыларды қоспағанда, тұрғындар қозғалысы сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін шектеледі.

Жасы 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды қоспағанда, аса қажеттілік болмаса, тұрғылықты жерінен кетпеуге кеңес беріледі.

Жерлеу шараларын өткізген кезде кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 20-дан астам (отбасы мүшелері, жақын туыстар) адамның жиналуына жол берілмеуі қажет.

Санитарлық посттар арқылы кедергісіз кіруге / шығуға (жол парақтарын, жұмыс бұйрықтарын, тапсырма жоспарларын, жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін көрсеткен кезде) төмендегілер үшін рұқсат етіледі:

- халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;

- медициналық көрсеткіштер бойынша кіретін және шығатын адамдар;

- карантинді стационарларда емделушілер мен бақыланушылар;

- жүк тасымалдаушылар мен транзиттік жолаушылар;

- ауысым (вахта) жұмысшыларын тасымалдайтын көлік құралдары;

- күзгі далалық жұмыстарға, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, жолдарды жөндеуге, авариялық-құтқару қызметіне, аса қажет тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, қатты, сұйық жанар-жағар май материалдарын жеткізушілермен, сондай-ақ барлық жүк тасымалымен айналысатын адамдар, облыстың шаруашылық өмірін қамтамасыз ететін жабдықтармен және материалдармен айналысатындар, растайтын құжаттарды (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызметкерлер үшін - жұмыс орнынан мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтама) көрсеткен кезде;

- тұрақты тұрғылықты жеріне оралатын адамдар және облыс тұрғындары (бір отбасы мүшелері) саяжай үйлеріне (саяжайларға, омартаға, қыстаққа) бару үшін құқық белгілейтін құжаттарды көрсеткен кезде;

- жақын туысқаны (әкесі, анасы, ағасы, апасы, балалары) қайтыс болған тұрғындар;

- тұрғылықты жерінен жұмыс орнына және кері қайту кезінде жұмыс берушінің мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтамасы болған кезде.

Ерекше жағдайларда осы қаулыда көрсетілген санаттарды қоспағанда, адамдардың жекелеген санаттарына аудандар мен қалалардың санитарлық бекеттері арқылы шығуға және кіруге рұқсат ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Орал қаласы және аудан әкімдері:

- ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге жол бермеу;

- барлық ойын-сауық объектілерінің, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің қызметін, мерекелерді ұйымдастыру бойынша кейтерингтік қызметтер мен қызметтер көрсетуді, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда), жәрмеңкелердің қызметтерін тоқтата тұру;

- спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына тыйым салу;

- әуежайларға, темір жол вокзалдарына күтіп алатын және шығарып салатын адамдардың кіруіне шектеу қою (қарттарды, жүгі бар мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қарсы алатын және шығарып салатын адамдарды қоспағанда), адамдардың жиналуына жол бермеуді қамтамасыз етуі тиіс.

Жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеулер:

- коронавирустық инфекцияның профилактикасына бағытталған және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін эпидемияға қарсы іс-шараларға бағытталған қызметтерді қоспағанда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80 пайызын, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50 пайызын қашықтан жұмыс нысанына ауыстыру; қашықтан жұмыс істеуге бірінші кезекте 50 және одан жоғары жастағы қызметкерлерді ауыстыру. Жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды тек селекторлық режимде және офлайн режимде өтпейтін бейнеконференцбайланыс арқылы өткізе отырып ауыстыру;

- халыққа қызмет көрсету орталықтарының, (бұдан әрі-ХҚКО), соның ішінде арнайы ХҚКО-ның жұмысыжұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін белгілей отырып, ұйымдастырылсын. Карантин шараларын қамтамасыз ету үшін ХҚКО-ға және арнайы ХҚКО-ға бару Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot 2.0 арқылы алдын ала жазылу бойынша жүзеге асыру;

- мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталықтарында мемлекеттік кіріс ғимараттарының қызметі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) (түскі үзіліспен) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс уақытын шектей отырып ұйымдастырылсын. Карантин шараларын сақтау үшін мемлекеттік кіріс органдарына (Орал қ. бойынша МКБ-ы www.kgd.gov.kz сайты, E-salyq мобильді қосымшасы арқылы кезекті алдын ала жазылу) немесе аудандардағы аумақтық басқармалар алдын ала жазылу бойынша халыққа қызмет көрсетулері ұсынылады;

- сыныптарда 15 балаға дейін білім мекемелерінде мектеп алды оқушыларына кезекшілік сыныптарының, ата-ана өтініші бойынша 1-4 сыныптарға 15 балаға дейін 5-тен 180 баланы қамтитын мектептердің жұмысына рұқсат беру;

- балалар түзету кабинеттері, балалардың білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған курстар (15 адамнан аспайтын топтар) алдын ала жазылу бойынша жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

- мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарындағы (саны 15 баладан аспайтын) жатын бөлмелеріндегі керуеттер арасындағы қашықтық кемінде 1 метр;

- медициналық-әлеуметтік мекемелер сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

- медициналық орталықтар (алдын-ала жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

- стоматологиялық клиникалар (алдын-ала жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

- халықтың тұруы бойынша қызметтері саласындағы объектілер (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері және т.б.) толу коэффициенті 50% -дан аспасын;

- халыққа қызмет көрсету объектілері: автожуу, техникалық қызмет көрсету стансасы, автомобильдерді жөндеу сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін, тұрмыстық техника және т.б. жөндеу - сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

- банк қызметтері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

- бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокаттың қызметтері және нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің заң қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары), айырбастау пункттері, ломбардтар, сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін;

- моншалар, сауналар жұмыс күндері: сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс күндері: сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (1 келушіге кемінде 4 шаршы метр есебінен нысан сыйымдылығының 50 пайызынан аспай толуы тиіс);

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда: мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтар және басқаларында (жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін) кем дегенде 2 метр әлеуметтік арақашықтық және маска режимі сақталсын;

- мәдениет нысандарына тек жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілсін (1 келушіге 5 шаршы метрден кем емес есеппен толтырылуы 50 пайыздан аспасын). Ұжымдық дайындық өткізуге тыйым салу;

- діни нысандар (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) бір келушіге 30 пайызынан аспайтын және кемінде 5 шаршы метр толтырылуын қамтамасыз ете отырып, жұмыс күндері ғана жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралғылар және т. б.) өткізуге тыйым салу;

- азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда тек өлшеп-оралған түрде жүргізілуі тиіс);

- күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік базарлары мен азық-түлік емес базарлар (жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);

- сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері, азық-түлік емес дүкендер жұмыс күндері ғана сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (толтырылуы нысан сыйымдылығының 30 пайызынан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес);

- қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етіп, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс). Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) келушілерді қабылдамай, тек жеткізу үшін жұмыс жасау;

- сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар, Ѕра орталықтар (салондар) алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (1 келушіге кемінде 4 шаршы метр). Жексенбі күндері жұмысты тоқтата тұру;

- фитнес орталықтар, спорттық-сауықтыру нысандары, спорт және тренажер залдары алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері ғана сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (1 келушіге кемінде 5 шаршы метр есебінен толтырылуы нысан сыйымдылығының 50 пайызынан аспайды). Жексенбі күндері жұмысты тоқтата тұру;

- бассейндер алдын ала жазылу бойынша, тек жұмыс күндері 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Жексенбі күндері тоқтата тұру.

Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және мереке күндері (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес):

- азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлері мен орталықтарының (бутиктер, павильондар) жұмысын тоқтата тұру;

- азық-түлік емес және азық-түлік ашық және жабық базарлардың жұмысын тоқтата тұру;

- діни нысандардың (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) жұмысын тоқтата тұру;

- мәдениет нысандарының (жеке, топтық дайындық), кітапханалардың, мұражайлардың және т. б. жұмысын тоқтата тұру;

- қоғамдық автокөлік жұмысын тоқтату;

Қоғамдық көліктің жұмыс кестесі:

Қоғамдық автокөлік шектеулі режим шеңберінде жұмыс күндері: сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін, біркелкі қозғалыс кестесімен, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен жұмыс істейді.

Соңғы аялдамаларда қоғамдық автокөліктерге күнделікті дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету.

Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс.

Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен) кіруге рұқсат етіледі.

Жеңіл көліктің (такси) толымдылығы 3 адамнан артық болмауы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен, қолғаптармен) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі тиіс.

Халықаралық екі жақты және транзиттік жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер (шетелдік және Қазақстан Республикасы азаматтары) COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы (ПТР әдісімен, оның нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын) ұсынуға міндетті. Қазақстан азаматтарында анықтама болмаған жағдайда, жүк тасымалдаушылар ПТР тест нәтижелерін бергенге дейін 2 тәулікке карантинге орналастырылады.

Меншік нысанына қарамастан, барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын, атап айтқанда:

- «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

- персоналды, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен (бетперделермен, қолғаптармен) қамтамасыз ету;

- үй-жайлардың, ғимараттардың кіретін және шығатын жерлеріне санитайзерлер орнату;

- келушілерді, клиенттерді үй-жайларға бетпердесіз кіргізбеу;

- үй-жайлардың ішінде және сыртында адамдар арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау, белгілердің болуын қамтамасыз ету;

- үй-жайларды үнемі ылғалды жинау, дезинфекциялау және үй-жайларды желдету;

- келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық нысандардың кіре берісінде қол тепловизоры арқылы қашықтықтан байланыссыз термометрия жүргізу;

- жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (төлем карталары, телефондағы қосымша) үшін барынша жағдай жасауды қамтамасыз етуі тиіс.

Қаулы 10 қарашадан бастап заңды күшіне енеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырған 11 адамның жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар