Батыс Қазақстанда полиция қызметкерін өлтірген күдікті ұсталды

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында Оралдан тойға келген полиция қызметкері Н-ды өлтіріп кеткен күдікті ұсталды.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Оралдан күйеужолдас болып келген Н-мен қонақтардың бірі, 1982 жылғы Исатай Жұбанышәлиев керісіп, төбелес үстінде екі рет кеуде тұсынан пышақ салады. Бұдан кейін күдікті оқиға орнынан бой тасалап, автомобильмен қашып кетеді. Оған республикалық іздеу жарияланған болатын.

И.Жұбанышәлиев Ақтөбе қаласындағы туысқандарының үйінен қолға түсті. Бұрын да қарақшылығы үшін сотталған оған ҚР ҚК 96-бабы ( кісі өлтіру ) бойынша айып тағылды.

Соңғы жаңалықтар